“Заң және Тәртіп” қағидаты аясындағы кездесу
2026 жылғы 17 ақпан күні “Алатау”, “Нысанбек” және “Қайнар” жалпы білім беретін мектептерінде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында еркін форматтағы ашық сұхбат ұйымдастырылды.
Іс-шараны Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері Исманова Р.Э., Жастар денсаулық орталығының психологы Амирбекова А.К., аудандық полиция бөлімінің инспекторы Жалғасбай Жұбаныш Бекжанұлы жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға кальян өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зияны, психологиялық тәуелділіктің қалыптасу қаупі, сондай-ақ қоғамдық орындарда темекі және оған ұқсас өнімдерді қолдануға қатысты қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар беріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.