“Заң және Тәртіп” құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Момынай» жалпы білім беретін мектебінде тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге Төлеби аудандық прокуроры Әбдірахым Бексұлтан Маратұлы және аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Исманова Розия Эрмековна арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды сұхбат құрды.
Жиын барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықтың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Қонақтар жас ұрпаққа заңды құрметтеу – жарқын болашақтың кепілі екенін атап өтіп, тәртіп пен парасаттылықты өмірлік ұстаным етуге шақырды.
Кездесу оқушыларға үлкен ой салып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды рухани сабақ болды.