Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕ
2026 жылғы 6 ақпан күні Ленгір қаласындағы №7 IT мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен «Зайырлы білім және рухани тәрбие» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Аталған іс-шара Төлеби ауданы аумағында дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бекітілген жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Кездесу барысында зайырлы мемлекеттің қағидаттары, білім мен рухани тәрбиенің өзара сабақтастығы, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ жастар арасында жат діни идеологиялардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шараға: Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің дінтанушы-теолог маманы Қ.Мырзабай, аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Аяшова, Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы А.Байсеитов сондай-ақ Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің» студенті М.Оспанов қатысты.
Кездесу соңында жоғары сынып оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, жастарды білім алуда белсенді болуға, рухани құндылықтарды құрметтеуге және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды.