Ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Өзбек тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі» тақырыбында Жыланбұзған жалпы білім беретін мектебі базасында шебер-сынып өткізілді.
Іс-шарада аталған мектептің мұғалімдері Малиева Д., Мухамеджанова К., сабақта интерактивті тапсырмаларды қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру және білім сапасын жақсарту тәсілдерін, Юнусова М., білім алушылардың білім сапасын арттыруда жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Әл Фараби жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Хидирова Г., оқушыларды пән олимпиадасына дайындау тәжірибесімен бөлісті.
Әдістемелік кабинеттің әдіскері Н.Лесбекова өзбек тілі мен әдебиеті пәндерінде жасанды интеллектіні қолдануға әдістемелік бағыт берді. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығын талқылады. Шебер-сынып қатысушыларға тың идеялар беріп, кәсіби шеберлікті арттыруға үлкен мүмкіндік болды.