Зерттеушілік дағдылар – мектепке дейінгі білім берудің негізі
2026 жылдың 29 сәуір күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Гүлдер» бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың танымдық белсенділігін арттырып, зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдарын көрсету. Семинар барысында педагогтар тиімді әдіс-тәсілдермен танысып, теориялық және практикалық бөлімдерде өз тәжірибелерін толықтырды.
Практикалық бөлімде «Су мен заттар», «Түстердің араласуы», «Ауа бар ма?» тәжірибелері көрсетіліп, балалардың бақылау жасап, қорытынды шығару дағдылары дамытылды.
Семинарда заманауи әдістер мен STEM элементтері қолданылып, педагогтар үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды.
Баланың зерттеуге қызығушылығы – сапалы білімнің бастауы!
Төлеби аудандық білім бөлімі