Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Жарқын болашақ» - қазақ тілі олимпиадасы.

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес аудандағы білім беру мекемелеріндегі 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» - қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. 

Мақсаты: мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау. Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. 

Байқау 5 бағытта өткізілді. 
1. «Бейнелеушілер»
2. «Жас қаламгер»
3. «Білгірлер бәйгесі»
4. «Сөз шеберлері»
5. «Әнші-бұлбұлдар»

Аудандық кезеңде осы бағыттардан ерекше қабілеттерімен дараланып шыққан №1, №5 мектеп-гимназия, №7  ІТ мектеп-лицейі, Жыланбұзған, Қостөбе, Б.Биболатұлы,  Б.Түлкиев атындағы жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары облыстық кезеңге өтті.