Облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Педагогикалық дуэт» байқауында ауданымыздың намысын абыроймен қорғаған «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ педагогтері жоғары нәтиже көрсетті.
Аудандық кезеңнен сүрінбей өтіп, облыстық кезеңде бақ сынаған мектебіміздің бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Шахаманова Айгүл Ержановна мен информатика пәні мұғалімі Рахматуллаев Мейрамбек кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі 1 орынды иеленді!
Бұл — тек жеңіс қана емес, бұл — ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, жаңашыл көзқарасының айқын көрінісі. Білім мен біліктілікті ұштастырып, шәкірт санасына сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Ауданымыздың мерейін үстем етіп, білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!