Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Бұл бағытта білім беру ұйымдары мен жауапты мекемелердің бірлескен жұмысы ерекше маңызға ие.

Осы мақсатта Төлеби ауданында маңызды кездесу ұйымдастырылып, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара аясында мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологтары және аудан прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен ақылдасу сағаты өтті.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылып, нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары қарастырылды. Мектеп психологтарының рөлі ерекше атап өтіліп, балалармен жүйелі психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі көрсетілді.

Осындай бірлескен жұмыстар қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге және жас ұрпақтың қауіпсіз әрі саналы ортада тәрбиеленуіне ықпал етеді.

Төлеби ауданының білім бөлімі