Жас зерттеушілерге құрмет көрсетілді
Аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі орын алған оқушыларды, олардың ата-аналарын және жетекші мұғалімдерін қабылдады.
Кездесу барысында білім бөлімінің басшысы жас зерттеушілерді жетістіктерімен құттықтап, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруға бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, оқушылардың қабілетін дамытуға үлес қосқан жетекші мұғалімдер мен ата-аналарына алғысын білдірді.
Бұл марапат – оқушылардың ғылыми жетістіктеріне қолдау көрсетіп, олардың білім мен ғылым жолында табысқа жетуіне үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне көрсетілген құрмет.
Жас зерттеушілерімізге алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Жетістіктеріңіз құтты болсын!