Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Темірбековтың ұйымдастыруымен №2 Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ базасында жас мамандарға арналған «Инновациялық ойлау және креативтілік» тақырыбында оқыту-практикалық семинар өтті. Семинар барысында коучингтер мен шебер-сыныптар ұйымдастырылып, зерттеушілік дағдыларды дамыту, STEM технологияларын тиімді қолдану және жасанды интеллект платформаларын сабақта пайдалану жолдары көрсетілді.

Әдіскер С. Темірбеков жас мамандарға
«Физика-математика сабақтарында біртұтас тәрбие қағидаттарын жүзеге асыру» тақырыбында жалпы түсініктеме берді.

«№7 IT мектеп-лицейінің» физика пәні мұғалімі Т. Мадиева және №3 П. Тәжібаева атындағы ЖББМ физика пәні мұғалімі М. Үсен «Физикадағы зерттеушілік дағдылар – ғылым мен креативті ойлаудың қозғаушы күші» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бірінші мамыр ЖББМ физика пәні мұғалімі А. Алшынова

«Сабақ өтуде STEM технологиясын тиімді қолдану» тақырыбында, ал Жыланбұзған ЖОББМ физика пәні мұғалімі С. Юнусов

«Жасанды интеллект платформаларын сабақта тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында коучингтерін өткізді.

Л. Тәжібаев атындағы ШЖНОМ математика пәні мұғалімі Д. Мырзакерім «Комбинаториканың негізгі ұғымдары» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, негізгі ұғымдарды кеңінен түсіндіру арқылы есептер шығарып көрсетті.

Іс-шара жас мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды.

Мұндай семинарлар жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге
зор мүмкіндік береді.