«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК»
Ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні С.Темірбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларымен «Жастар және қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Төлеби ауданы аумағында дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бекітілген жоспарына сәйкес өткізілді.
Кездесуге Төлеби аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекмурзаев Сеит Даутбекұлы.
Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскер Аяшова Мейраш Абдикалыққызы,"Досалы Ата" мешітінің имамы Жарылкапов Айбек Бектұрсынұлы
"Қоғамдық келісім" КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы Еркінбек Жақып Асылбекұлы, Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психолог маманы Оразбай Меруерт Әлімбекқызы қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер жастар арасында діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың таралу себептері, олардың алдын алу жолдары, сондай-ақ дәстүрлі дін құндылықтарының маңызы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар оқушыларға діни ақпаратты талдау, күмәнді көзқарастарға қарсы тұру және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған.