Жазғы демалысқа дайындық: «ТӨЛЕБИ НҰРЫ» лагерінің жағдайы қаралды
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы «ТӨЛЕБИ НҰРЫ» балалар жазғы сауықтыру лагеріне арнайы барып, нысанның жазғы маусымға дайындығымен танысты.
Лагерь аумағын аралау барысында демалушыларға арналған жатын орындардың жағдайы, асхананың жұмысы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылуы және медициналық қызмет көрсету деңгейі жан-жақты қаралды. Әр нысанның жай-күйі бойынша нақты бақылау жүргізілді.
Жазғы маусымды ұйымдастыруға дайындық деңгейі пысықталып, анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Оларды қысқа мерзімде жою қажеттігі қатаң ескертілді.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, жайлы әрі мазмұнды ұйымдастыру.